Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жаңа жылда мұсылмандар «Құпия Санта» ойнауға бола ма? - ҚМДБ мәлімдеме жасады

14:41, 19 желтоқсан 2025

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Құпия Санта» ойынына қатысты пікір білдірді, деп жазады Alash.KZ.

«Біздің дінімізде де, салт-дәстүрімізде де «Құпия Санта» деген түсінік жоқ. Өзге мәдениетке тән ұғымдарды қабылдап, насихаттағаннан гөрі, адам жүрегін жақындастыратын ұлттық дәстүр мен ислам құндылығын дәріптеу әлдеқайда орынды», - дейді басқарма.

ҚМДБ өкілдері атап өткендей, «Құпия Санта» ойыны ислам дінінде де, қазақ ұлттық дәстүрінде де қарастырылмаған. Сонымен қатар, егер мерекелерде ішімдік ішу, ер мен әйелдің шариғатқа сәйкес келмейтін еркін араласуы сияқты әрекеттер болса, бұл да дін тарапынан құпталмайды.

Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жаңа жылды діни мереке деп есептемейтінін еске салды. Дегенмен, оны тек жыл басы ретінде атап, осы уақытты игі істер жасауға, бір-біріне дұға қылуға және ізгі ниет білдіруге арнауға болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар