Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жамбыл облысында көше әжетханасынан мектеп оқушысының денесі табылды

10:06, 02 мамыр 2024 1036

 

Жамбыл облысында көшедегі әжетханада соққыға жығылған мектеп оқушысы көз жұмды.

Байзақ ауданы Құмжота ауылында жоғары сынып оқушылары өздерінен бір сыныпқа төмен оқитын оқушыны соққыға жыққан. Салдарынан оқушы қайтыс болды. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.

Марқұм болған баланың туысының айтуы бойынша, төбелесті тоғызыншы сынып оқушылары бастаған. Төбелес кезінде сегізінші сынып оқушысы кеуде тұсынан бірнеше рет соққы алып, есінен танып, артынша бірден көз жұмған.

«Жоғары сынып оқушылары оларды жеке-жеке ұрған. Кейін бәрі қашып кеткен. Барлығы сырттағы әжетханада болған (мектеп ішіндегі дәретханалар жабылған)», - дейді марқұм оқушының туысы.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, оқиғаны білген полицейлер бейнебақылау камераларын тексере бастаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар