Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жаман істерге бармайтын отбасы едік: Берденовке оқ атқан күдіктінің жұбайы шұғыл мәлімдеме жасады

09:12, 28 мамыр 2025 548

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атқан күдіктінің әйелі әлеуметтік желіде алғаш рет мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Қазақстандық Луиза Алданова Instagram желісінде өз жазбасын жариялады.

Ауыр сынаққа толы өткен бір ай артта қалып, енді ес жиып жатқанын тілге тиек етті.

“Жалпы, менің жолдасым Ернарды, мені және біздің ата-аналарымызды жақсы білетін адамдар, таныстарымыз, туыстарымыз біздің қандай қарапайым, отбасын бірінші орынға қоятын жандар екенімізді де біледі деп ойлаймын. Сонымен қатар оларды біздің жат әрекеттерге, жаман істерге бармайтынымызға да сенімді деп білемін. Десе де Ернарымыз жаза басқан екен, қателескен екен...”, – деді әйел

Өзінің бұл оқиғаға еш қатысы жоқ екенін баяндады.

“Ата-анадан көрген тәрбием, бойға сіңген иманым мұндай арсыз қылыққа аттап бастырмайтыны айдан анық. Баршаңыздың қолдауларыңызға, тілек-ниеттеріңізге рахмет айтамын!”, – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар