Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жалған видеоның кесірі қызыма тиіп кете ме деп қорқамын: Сабина Мовлаева үндеу жариялады

13:19, 08 қараша 2024 1228

Ақпарат кеңістігінде блогер Сабина Мовлаеваға ұқсайтын бойжеткеннің интим видеолары тарап кетті. Бұл видеода өзі емес екенін дәлелдеп жүрген Сабина Мовлаева өзінің әлеуметтік парақшасында үндеу жариялады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

"Менің басымнан қандай жағдай өтіп жатқанын өздеріңіз де көріп жатырсыздар. Адамдар шектен шығып жатыр. Өте қатты ауыр тиіп жатыр. Жарайды ол видеода мен болсам екен. Сіздер жалған видеоны таратып жатырсыздар. Маған бұның бәрі қалай ауыр тиетінін білесіздер ме?! Ар намысыма, абыройыма тиіп жатырсыздар. Болашақта бұның не нәрсеге әкелетінін білесіздер ме? Менде анамын, жалғызбасты анамын. Сіздер неге өмірі әлсіз жандарға тиіскенді жақсы көресіздер? Шыны керек, ең біріншіден мен қызымды ойлаймын. Ертең осы жалған видеоның кесірі менің қызыма тиіп кетсе ше... Сол себепті, мен осы жолы соңына дейін барамын деген шешім қабылдадым. Мен атақ, ақша емес, бірінші абыройды ойлайтын адаммын. Осы жағдай болғалы қаншама қыздан хат келді. Мүмкін Алла Тағала маған бұл сынақты басқа қыздарға, басқа әйел адамдарға көмегі тисін, осыны қолға алсын деп жіберген шығар деген түйінге келдім", - деді Сабина Мовлаева. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар