Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жалған құжатпен 251 млн теңге алған: Алматы облысында агросубсидия дауы бойынша үкім шықты

12:09, 18 маусым 2026

Алматы облысында субсидияларды жымқыру және жалған шот-фактуралар жазып беру фактілері бойынша сот үкімі шығарылды. Тергеп-тексеруді Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жүргізді, деп жазады Alash.KZ

Іс материалдарына сәйкес, «БАҒДАУЛЕТ и ПК» АӨК және «АМАНТАУ-2023» АӨК басшысы екі жыл бойы агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында субсидияларды заңсыз алып отырған.

Ауыл шаруашылығы басқармасына шикі сүт сатып алу, сондай-ақ сары май мен қатты ірімшік өндіру және өткізу туралы жалған мәліметтер ұсынылған.

Жалған құжаттардың негізінде бюджеттен 251 млн теңгеден астам субсидия заңсыз төленген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар