Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жалған ақпаратқа сенбеңіздер!”: Ербаян Мұхтардың әкесі шұғыл үндеу жасады (ВИДЕО)

11:51, 24 маусым 2026

Ербаян Мұхтардың әкесі Хамит Мұхтар видеоүндеу жолдап, жұртты жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп жазады Alash.kz.

Orda.kz таратқан мәліметке сәйкес, қазір Ербаянның отбасы Астанадағы мәйітхананың алдында жиналып тұр. Олар Ербаянның денесін алуға келген. Хамит Мұхтардың сөзінше, әзірге марқұмның мәйіті ашылмаған.

Оның айтуынша, отбасы қазіргі уақытта прокуратурадан тиісті құжаттарды күтіп отыр. Құжаттар дайын болғаннан кейін ғана Ербаянның денесін мәйітханадан алып шығу мүмкін болады.

Ербаян Мұхтардың әкесі әлеуметтік желілерде тарап жатқан түрлі мәліметтерге сенбеуге шақырып, ресми әрі нақты ақпаратты отбасы өзі хабарлайтынын жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар