Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жалдамалы әскер жанын салып соғыспайды": Журналист Рыбакинаның жарыс кезінде ауырып қалғанына ашуланды

12:27, 26 шілде 2024 1411
"Жалдамалы әскер жанын салып соғыспайды. Рыбакина туралы ақпаратты естіп, шок болып отырмыз. Ауырып қалыпты деген себеп айтылды. Оның өзін ватсаптағы аудио жазба арқылы алдық. Осы жағдайға тікелей жауапты Ұлттық олимпиадалық комитет және Қазақстан теннис федерациясы неге толыққанды мәлісет бермейді" деп жазды  спорт  журналисі  Аслан Каженов.
 
Спорт журналистің айтуынша, жауапкершілік оған түсіндірілмеген көірнеді. "Олимпиада кезінде өз денсаулығына және елдің үмітіне осынша салғырт қарауға бола ма?" дейді автор.
 
Рыбакинаның өзі де бір ауыз үн қатпады. Нақты денсаулығының жағдайын білмеймін. Десе де, дзюдодағы Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатында иығының сіңірі жыртылып тұрса да, соңына дейін күрескен еді. Бокстағы Серік Сәпиев сынған қолымен әлем чемпионатында соңына дейін жұдырықтасып шықты дегенді естідік. Күрестегі Жәмиля Бақбергенованың өзі осылай бір күн бұрын салқын тигізіп, тамағы әбден ісіп, соған қарамастан бозкілемге шықты және әлем чемпионатында жүлде алды. Айта берсе көп.
"Елена және оның командасы осыған не дейді екен?" дейді журналист күйініп.
Еленаны өліп тұрып қорғап, керісінше, мені жерден алып, жерге салатын жанкйүерлері не айтады екен? Жарайды. Сауығып кетсін. Өзіміздің қыздар мен жігіттер-ақ сол есені қайтарып, алтынды топырлатып алады. Атам қазақ бекер айтпаған ғой. Жалдамалы әскер жанын салып соғыспайды деп. Осыны қашан түйсігімізге түсіп, тиісті қорытынды шығарамыз?
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар