Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жалақымызды күтіп қаламыз": Депутат бір өзінде 8-9 кредит бар екенін ашып айтты

17:18, 15 қазан 2025 172

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек журналистерге өз тұрмысы мен қаржы жағдайы туралы ашық әңгімелеп, несиелер мен бөліп төлеу жүйесіне деген көзқарасын білдірді, деп жазады Alash.kz.

Халық қалаулысы өзінің де қарызсыз адам емес екенін мойындады.

"Мен, мысалы, тіпті ұшақ билеттерін де бөліп төлеуге аламын. Қазір менде шамамен сегіз-тоғыз бөліп төлеу бар", – деді ол.

Базарбектің айтуынша, бұл жиі өңірлерге сапарлап, халықпен кездесіп жүру қажеттілігімен байланысты.

"Алматыдан келіп, өңірлермен байланыс орнату керек, халықпен жүздесу керек. Сол себепті айлық күтеміз. Мен бизнесмен емеспін, қарапайым заңгермін. Кей кездері жалақымызды да күтіп қаламыз", – деді депутат.

Ол бөліп төлеу арқылы алу ұят емес екенін де айтты.

"Мұнда ұялатындай ештеңе жоқ. Біз қарапайым адамдармыз. Депутат та – халықтың бір бөлігі. Стереотипті бұзу керек. Кей депутаттар да қарапайым адамдар сияқты бөліп төлеу жүйесін пайдаланады", – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар