Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов жалақысы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
«Жалақыма тоқталайын. Қолға 1 млн 400 мың теңге аламын», - деді Әбілқайыр Сқақов.
Басқарма төрағасының сөзіне сенсек, орынбасарлары қомақты сыйақы алмайды. Ұжымға берілетін сыйақы нақты қызметкердің KPI-ды орындауына байланысты төленеді.
«Қордың басқарма құрамында 5 адам бар. Соңғы 3 жылда олар бонус алмады. Бұрын алмаған, қазір де алмайды. Мен және орынбасарларым бір жыл ішінде жалпы 600-700 мың теңге көлемінде ғана сыйақы алдық. Директорлар кеңесінің шешімімен (сыйақы мөлшері) шектелген. Ұжым алатын сыйақы қызметкерлердің KPI-мен бекітілген», - деді қордың төрағасы.