Қоғам белсендісі Мұрат Рақымжан әлеуметтік желідегі парақшасында ақын Ақұштап Бақтыгереева туралы пікір білдіріп, оның ұстанымына қолдау көрсетті, деп жазды Alash.kz.
Ол қазіргі кезде «зиялы» сөзінің мәні төмендеп кеткенін айтып, нағыз зиялылықтың үлгісін Ақұштап Бақтыгереева көрсеткенін атап өтті.
«"Зиялы" деген сөзді кім көрінгенге қосақтап, қор қылып едік. Нағыз зиялылықтың үлгісін Ақұштап апамыз көрсетті», – деп жазды ол.
Сондай-ақ жазба авторы кейбір адамдардың өз мақсаттары жүзеге аспаған соң ақынға түрлі айып тағып, сын айтуға тырысып жатқанын жеткізді.
«Жоспарлары жүзеге аспай қалғандар енді Ақұштап ақынға жала жаппақ болып, жанталасып жатқан көрінеді», – деді ол.