Халық әртісі, әнші Нұрғали Нүсіпжанов желідегі парақшасында жаңалығын бөлісіп, жұбайы Жадыра Сейдешпен бірге жаңа бастаманы қолға алғанын айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Әнші әлеуметтік желіде жұбайымен бірге подкаст түсіріп, жариялады.
«Гастрольдік сапардан босай қалсам, кітапхана жағалайтын қазақ едім… Бұл күнде уақытымның басым бөлігін аурухана ұрлап жатыр… Өткен өмір ізсіз емес, қайткенде де сызы қалады екен… Ем-дом қабылдау өмірімнің ажырамас бір бөлігі іспетті… Оңашада адам шеті жоқ шексіз ойға беріледі… Соның тұңғиық тереңіне батпау үшін әлеуметтік желіні парақтайсың… Қысқа-нұсқа сұхбаттар шығыпты. Жадырадан сұрасам, “Подкаст” жанры дейді. Онда эксперимент жасайық деп қолқа салдым. Сөкпессіздер, бұл біздің дебютіміз. Аяқ астынан асығыс жазылды… Ұнатып жатсаңыздар, Жәкеңнің мойнына сіз болып, біз болып тағы бір жүк арқалатамыз», - дейді әнші.