Отанық күрес федерациясы жаңа маманмен толығып жатыр. Елімізге белгілі актер, жайдарманшы, «Миллион» командасының мүшесі Мансар Орынхан Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды, деп жазады Alash.KZ.
«Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік әрі сенім. Көрсетілген қолдау үшін Түркістан облысы күрес федерациясына және Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына алғысымды білдіремін. Басты мақсат – ұлттық спорттың беделін көтеріп, жас буынға мотивация беру. Алда үлкен жұмыстар бар. Бірге дамимыз!» - деді Мансар Орынхан әлеуметтік желідегі парақшасында.
Актер алдағы уақытта күрес спортын кеңінен насихаттау, оның имиджін арттыру және медиа бағытты жаңа деңгейге көтеру жолында бар күш-жігерін салмақ.
“Жинақтаған тәжірибем мен шығармашылық көзқарасымды осы салаға бағыттап, бірлесе отырып нәтижелі жұмыс атқарамыз деп сенемін. Басты мақсат – ұлттық спорттың беделін көтеріп, жас буынға мотивация беру” дейді ол.