АҚШ президенті Дональд Трамп Украинада президент сайлауын өткізу қажет екенін айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Көп уақыт өтті. Жағдай онша мәз емес. Қазір сайлау өткізу маңызды деп ойлаймын. Олар соғысты сайлау өткізбеудің себебі ретінде көрсетіп отыр. Бірақ менің ойымша, украин халқының таңдау жасау құқығы болуы керек. Кімнің жеңетінін білмеймін. Бірақ олар көптен бері сайлау өткізген жоқ. Білесіздер ме, олар демократия туралы айтады, бірақ бір сәтте бұл енді демократия болмай қалады», — деді Трамп Politico басылымына берген сұхбатында.