Әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адамның автобус ішіндегі жолаушыларға әдепсіз әрекеттер жасап, әйелдің аяғына қол тигізгені, тіл шығарып мазақтағаны және балағат сөздер айтқаны көрінеді, деп жазды Alash.kz.
Қырғызстан ІІМ мәліметінше, оқиға 4 маусым күні №25 бағыттағы автобуста болған. Тексеру барысында күдіктінің жеке басы анықталып, оның 1979 жылы туған Р.Р. екені белгілі болды.
Ер адам Бішкек қаласының Свердлов аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Оған қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Әлеуметтік желі қолданушылары қоғамдық көліктегі мұндай әрекеттерге қатаң шара қолдануды талап етуде.