Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Израиль қарулы күштері "Иран әскері бас қолбасшысының көзін жойдық" деп мәлімдеді

14:26, 28 ақпан 2026

Израильдік ақпарат көздері 28 ақпан, сенбі күні таңертең АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылы кезінде Иран әскерінің бас қолбасшысы Амир Хатами қаза тапты деп хабарлады. Бұл туралы  Alash.kz жазды.

Алайда бұл мәлімет әзірге ресми түрде расталған жоқ. Иран билігі де, өзге ресми дереккөздер де қолбасшының қаза тапқаны жөнінде мәлімдеме жасаған жоқ.

Шабуыл салдарынан бейбіт тұрғындардың зардап шеккені айтылуда. Дегенмен олардың нақты саны мен жарақаттарының сипаты әзірге жарияланған жоқ. Сонымен қатар Иран президенті Масуд Пезешкианның шабуыл кезінде зардап шекпегені хабарланды.

Бұған дейін АҚШ пен Израиль Иран аумағында ауқымды әскери операция бастағаны белгілі болған. АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеран ядролық бағдарламасынан бас тарту мүмкіндігін жоққа шығарғаннан кейін соққы жасалғанын мәлімдеді.

«Біздің мақсатымыз – Иран режимінен төнетін тікелей қауіптерді жою арқылы Америка халқын қорғау. Бұл режим ешқашан ядролық қаруға ие болмауы керек», – деді Трамп үндеуінде.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, әуе соққылары бірнеше күн қатарынан жалғасуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар