Израиль әскерилері Оңтүстік Ливанға жаңа соққы жасады, деп хабарлайды Аlash.kz.
Бұл туралы Израиль қорғаныс армиясының (IDF) баспасөз қызметі хабарлады.
Оның мәлімдемесіне сәйкес, соққының мақсаты Хезболла ұйымындағы қос содырды жою болған.
Алғашқы соққы Ливанның Барашит ауылының маңында болды, нәтижесінде "Радван" құрамындағы бөлімшелердің бірінің командирі жойылды. Екі сағаттан кейін "Хезболла" әскери отрядтарының тағы бір содыры Бейт-Лиф кентінің маңында жойылды.
"IDF Израиль мемлекетіне төнген кез келген қауіпті жою жұмысын жалғастырады", - деп ескертті әскерилер.