Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Израиль Иранға соққы жасап, ел аумағында төтенше жағдай режимін енгізді (ВИДЕО)

13:28, 28 ақпан 2026

Израиль Иранға алдын ала соққы жасағанын хабарлады. Бұл туралы Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді. Оның сөзін BBC келтірді, деп жазды Alash.kz.

Министрдің айтуынша, соққы Израильге төнген қауіптің алдын алу мақсатында жасалған. Жауап ретінде шабуыл болуы мүмкін деген қауіпке байланысты ел аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді. Тұрғындарға бомбапаналарға жақын болу ескертілді.

Сонымен қатар Тегеран қаласының орталығында жарылыстар естілгені туралы IRNA агенттігі хабарлады.

Бұған дейін Дональд Трамп Иранға қатысты «күрделі шешім» қабылдау қажет болуы мүмкін екенін айтқан еді. Соңғы апталарда Иранның ядролық бағдарламасына байланысты келіссөздер аясында өңірдегі шиеленіс күшейіп, ықтимал әскери әрекеттер туралы болжамдар айтылған.

Кейін АҚШ мемлекеттік хатшысы америкалық азаматтарды Иран аумағынан кетуге шақырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар