Министрдің айтуынша, Израиль әскері шабуылдарға жауап ретінде Ливандағы нысандарға соққы беруді күшейтуге дайын.
Бұған дейін Израиль авиациясы Бейруттің орталығындағы, үкімет ғимаратына жақын орналасқан екі нысанды атқылаған. Бұл соққылар «Хезболла» жасаған соңғы уақыттағы ең ірі ракеталық шабуылдан кейін жасалды.
Ливан билігінің мәліметінше, Израильдің елдің оңтүстігі мен шығысына, сондай-ақ Бейруттің «Хезболла» бақылауындағы аудандарына жасаған соққылары салдарынан шамамен 700 адам қаза тапқан.
Сонымен қатар Израиль жаппай эвакуация жариялап, Захрани өзенінің оңтүстігіндегі тұрғындарға үйлерін тастап кету туралы бұйрық берген. Нәтижесінде 800 мыңнан астам адам өз үйлерін тастап кеткен.
Израиль армиясы «Хезболлаға» қарсы операцияны өткен аптада бастады. Бұған 2 наурызда топтың Израиль аумағына ракета атуы себеп болған.
Израиль әскери күштерінің мәліметінше, «Хезболла» Иранмен бірлесіп 200 ракета мен 20 дрон ұшырған, ал Иран Израильге баллистикалық зымырандармен шабуыл жасаған.
Бұған дейін Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи Тегеран қаза тапқандар үшін кек алатынын және Ормуз бұғазы жабық күйінде қалатынын мәлімдеген.