Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Іздеу салынады: Қарағанды облысында 7-сынып оқушысы жоғалып кетті

12:05, 02 сәуір 2026

Қарағанды облысы, Абай қаласының құқық қорғау органдары 1 сәуір күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған 13 жастағы Рыс Бибарыс Бекнұрұлын іздестіріп жатыр, деп жазады Alash.kz. 

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын бастап, жасөспірімнің қайда екенін анықтауға күш салуда. Баланың жүрген жеріне қатысты қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан жедел түрде хабарласу сұралады.

Жоғалған жасөспірімнің ерекше белгілеріне тоқталатын болсақ, оның бойы шамамен 150–155 см, дене бітімі орташа. Соңғы рет көргендердің мәліметінше, ол қара күртеше, қызғылт сары түсті футболка және қара шалбар киген. Сондай-ақ оның аяғында жасыл түсті аяқ киім болған. 2012 жылы туған оқушының жоғалуына байланысты тиісті бағыттағы тексеру жұмыстары жан-жақты жүргізіліп жатыр.

Ішкі істер органдары тұрғындардан белсенділік танытуды өтінеді. Көмек көрсетуге ниетті жандар 8-707-444-07-74, 8-705-311-78-53 телефон нөмірлеріне немесе тікелей «102» қызметіне хабарласа алады. Кез келген мәлімет баланың табылғанына септігін тигізуі мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар