Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ішіп алып балағаттаған". Қызылорда облысында келіні өз енесін соттатты

18:47, 16 қазан 2024 820

Қызылорда облысында келінін балағаттаған әйел адамның жазаланғаны хабарланды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Bugin.kz порталына сілтеп. 

Келіннің енесі үйіне алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйінде келген. Ол келініне балағат сөздер айтып, мазасын алған.

Сотта келіні мұндай жағдайдың жиі болып тұратынын көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған.

"Сот қаулысымен Б. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, АПБ-нің ерекше талап белгілеу туралы ұсынысы қанағаттандырылып, Б-ның мінез-құлқына 3 ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талап белгіленген", - делінген сот шешімінде.

Келіншектің енесі айыбын толық мойындады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар