Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қатерлі ісігіне байланысты емделгенін мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.
The Times of Israel басылымының жазуынша, ол бұл туралы жыл сайынғы медициналық тексеріс нәтижелерін жариялаған жазбасында айтқан. Нетаньяху өзінде қуық асты безінің қатерлі ісігі анықталғанын, алайда емнен сәтті өткенін жеткізді.
Оның сөзінше, бұл диагнозды бұған дейін жария етпеуінің себебі - Иран тарапынан ақпараттық шабуылдардың күшеюіне жол бермеу болған.
Премьер-министр арнайы ем қабылдағанын және оның нәтижесінде дерт толық жойылғанын атап өтті. Қазір ол өзінің денсаулығы жақсы екенін айтып, «өте жақсы физикалық формадамын» деп бағалады.