Иран президенті Масуд Пезешкиан мәлімдеме жасап, Уақытша басқару кеңесі көрші мемлекеттерге соққы беруді тоқтататынын айтты, деп жазды Аlash.kz.
Оның айтуынша, соңғы күндері жасалған әскери соққылар үшін Иран көрші елдерден кешірім сұрайды.
«Кейінгі күндері жасалған соққылар үшін көрші мемлекеттерден кешірім сұраймыз», – деді Пезешкиан.
Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның бұл шешімін қолдайтынын білдірді.
Ақорда хабарлауынша, Қазақстан президенті Иранның уақытша басқарушы кеңесінің көрші елдерге шабуылдан бас тарту туралы шешімін құптайды.
Астана бұл қадам аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауға оң әсер етеді деп санайды.