Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"iPhone 16 алмасын, несиеге жоламасын, жәрмеңкелерге барсын" - Мәжіліс депутаты халықты үнемшіл болуға шақырды

14:37, 02 ақпан 2025 211

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев халықты үнемшіл болуға шақырды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

- Несие алмау қажет, Iphone 14, 15, 16 алмасын. Сосын қолма-қол тауар несиесіне (рассрочка) жоламасын. Яғни жарнаманың құрбаны болмауы тиіс. Мейлінше, жәрмеңкелерге барып, үнемдеуге тырысу керек. Қазір «Аманат» партиясының жанында іске асып жатқан «Қарызсыз қоғам» деген жоба бар. Сол жерде түсіндіреміз. Бізде кейбір жас отбасылар бар. Кешке кино көреміз, кітап оқимыз деген сылтаумен қажетсіз нәрселер алады. Біріншіден, ол денсаулыққа зиян, екіншіден, керек емес шығын. Атап айтсақ, чипсы, кока-кола сияқты тағамдарды ала береді. Оның өзіне  бір айда 150-200 мың теңге кетіп қалады. Халыққа үнемшілдікті үйретудің қажеті жоқ. Бізден де жақсы біледі, - деді Елнұр Бейсенбаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар