Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Інімнің телефоны күйеу баламен бірге болған" - Атыраудағы жоғалған отбасының жақындары ел естімеген ақпарат айтты (ВИДЕО)

15:42, 16 қаңтар 2026

Атырау облысындағы шулы қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған Сұлтан Сәрсемәлиев пен жоғалған Наурыз Мұқанғалиевтің телефон сигналдары мен жүріп өткен жолдары туралы жақындары тың ақпарат айтты, деп жазады Alash.kz. 

Qazaq airan басылымының тілшісі Айдана Мейрамбайқызы Жангелдин ауылына барып, жоғалған отбасының жақындарымен кездесіп қайтқан. Қапыда қаза болған Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиев күдікті күйеу баласы мен із-түссіз жоғалған інісінің барған жолдары туралы құзырлы органдардан алған мәліметті бөлісті:

Бізге айтылған ақпарат бойынша, "Сұлтан сол 2-сі барды, 5-і кейін кетті" деді ғой. Сол уақытта Наурыздың телефоны бірге болған күйеу баланың қасында. Ауылға барған. Кейін Атырауға бірге келген. Мейрамгүлді анық алып келген Атырауға. Олар, Мұнайшыда болған. Қазір ол үйді тексеріп жатыр, тінтіп жатыр. Кейін Махамбетке барған. Махамбеттен кейін, Түркияға барып келген. Сол жерде 10 күн болған Сұлтанның өзі. Сосын қайтып келген. Түркиядан кейін, Ақбаянды алып, Ақтауға барған. Ақтаудан Шымкентке барған пойызбен. Сол арқылы шекарадан Ташкентке өткен. Ташкенттен тіке Куала-Лумпурға 7 сағат ұшқан. Қазіргі уақытта сол жақтағы туристік бір қаланы айтады. Сол қалада жүр деген мағлұмат бар. 

Сұхбат барысында Самиғолла Сәрсемәліұлы ұлына қатысты айтылып жатқан айыптаулар мен қоғамдағы теріс пікірлерге наразылығын білдірді. Әкесінің пайымдауынша, әлеуметтік желілерде Сұлтанды кінәлі етіп көрсетуге тырысатын түрлі жорамалдар шектен тыс көбейіп кеткен:

Балам мен келінімді шекарадан өтіп кеткен деді. Оны емге алып барам деп жүрді.  Мүмкін, емге алып кеткен болар. Ташкент пе, қайдан білейін? Алысқа алып кетуге ақша керек. Тіл білу керек шет елге шығу үшін. Ауылда жүрген баланың елдің айтып жүрген жағына кетіп қалды дегенді білмеймін... Сенбеймін... Әрі кетсе, Ташкентке баруы керек. Бұрын ішіндегі баласын босанғаннан кейін, Ақбаянды Сұлтан екеуі Түркияға емге апарып келді ғой.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар