Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Інілерімді алдынан жарылқағайсың! Қош болыңдар, бауырларым...»: Димаш Құдайберген көңіл айтты

09:47, 25 қыркүйек 2026

Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген Каспий теңізінде қайғылы жағдайда қаза тапқан сарбаздардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында эмоционалды жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.  

Әнші өрімдей жас сарбаздардың мезгілсіз қазасы қабырғасын қайыстырғанын айтып, олардың отбасына сабыр тіледі.

«Біздің Ақтауда көз жұмған 18-19 жасар інілерімді қимай жүрегім ауырып, айтуға сөз таба алмай отырмын. Балалық кезеңнен енді ғана шығып келе жатқан кезде жап-жас ғұмырлардың осылайша үзіліп кеткені... Қаза болған бауырларымыздың ата-анасына, туған-туыстарына, жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Алла жүректеріңізге сабыр, өздеріңізге күш берсін. Інілерімнің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Жандары жәннатта болсын. Е Алла, құдіреті күшті Алла, інілерімді алдынан жарылқағайсың. Ешбір ата-ана баласының артында қалмасын... Елімізде мұндай қасірет енді қайталанбасын. Қош болыңдар, бауырларым...», — деп жазды Димаш Құдайберген. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар