Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Иманғали Тасмағанбетов марқұм Асанәлі Әшімовтың шаңырағына арнайы барды

09:44, 08 қаңтар 2026

Қоғам және мемлекет қайраткері, жуырда қызметінен босатылған Иманғали Тасмағанбетов Қазақстанның халық әртісі, сахна саңлағы марқұм Асанәлі Әшімовтың қаралы шаңырағына арнайы барып, марқұмның рухына құран бағыштады, деп жазады Alash.KZ.

Бұл жайында ақын Маралтай Райымбекұлы әлеуметтік желіде парақшасында жазды.

“Қақ төрдегі Асанәлі ағаның орнында кіші Асанәлі отырды. Баталы сөз бен аталы сөз осы кішкентай Асанәліге қарата айтылды. “Орнында бар оңалар” деген сөз еріксіз ойыма оралды”,- деп жазды ақын.

Ақынның айтуынша, Иманғали Тасмағанбетов марқұм Асанәлі Әшімовтің бір жылдығына дейін бірқатар игі іске қолдау көрсетуге ниет білдірген. 

«Иманғали аға Асанәлі ағаның жылдығына дейін естелік кітаптары мен Асанәлі ағаның Кеңсайдағы басын қарайтуға көмегін беретін болды.
Асыл ағаның шырағы сөнбесін!”, — деп түйіндеді сөзін Маралтай Райымбекұлы.

Асанәлі Әшімов — қазақ киносы мен театр өнерінің аңыз тұлғасы. Ол ұлттық мәдениеттің дамуына өлшеусіз еңбек сіңіріп, бірнеше буын өнерпазға жол көрсеткен тұлға ретінде ел жадында қалды. Өнер иесінің дүниеден өтуі қоғамда үлкен қайғы ретінде қабылданып, ел азаматтары марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып жатыр.

Қаралы шаңыраққа зиялы қауым өкілдерінің барып, марқұмның рухына тағзым етуі – қазақ қоғамындағы сабақтастық пен рухани құрметтің белгісі екені атап өтілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар