Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Иегі мен мойнын да күйік шалған". Танымал актриса туған күнінде торт үрлеймін деп бетін күйдіріп алды

15:19, 14 наурыз 2026

Қытайда танымал жас актриса әлеуметтік желідегі қауіпті трендті қайталап, ауыр жарақат алды. Бұл туралы  Alash.kz Need To Know порталына сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға 26 жастағы қытайлық актриса Ван Тянь Юй туған күнін атап өтіп жатқан кезде болған. Әлеуметтік желілерде тараған видеолардың бірінде адамдар аузына спирт алып, оны шамға бүріккен кезде жалын бір сәт лап етіп жанып, кейін тез өшетін трюк көрсетілген.

Актриса осыны қауіпсіз деп ойлап, сол әрекетті қайталауға шешім қабылдаған. Ол достарымен туған күнін тойлап жатқанда далаға шығып, аузына таза спирт алып, шамы жанып тұрған шағын тортқа бүркіген.

Алайда бәрі жоспарланғандай болмаған. Жалын кенеттен қатты лап етіп, актрисаның беті мен шашына тиіп кеткен. Оқиғадан кейін оны дереу ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер оның иегі, мойны және беті қатты күйгенін анықтаған.

Актрисаның айтуынша, ол қатты ауырсыну сезінген. Сонымен қатар ол әлеуметтік желілерде мұндай қауіпті трюктерді ешқандай ескертусіз жариялайтын адамдарды сынға алды.

«Мен мұны қауіпсіз вирустық трюк деп ойладым. 96 пайыздық спирт қолдандым. Бірақ жалын кері қарай лап етіп, мойным мен иегімді күйдіріп жіберді. Әлі де ем алып жатырмын», – деді ол.

Ван Тянь Юй 1999 жылы туған. Ол Шанхай консерваториясын тәмамдап, кино және телехикая актрисасы ретінде танылған. 2016 жылы гонконгтық актер әрі режиссер Стивен Чоу түсірген «Су перісі» фильмінде алғаш рет киноға түскен. Содан бері актриса көптеген фильмдер мен телесериалдарға қатысқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар