Сарапшылардың бағалауынша, соққы салдарынан зақымданған «Яндекс» компаниясының суперкомпьютерлерін қалпына келтіру жұмыстары үш жылға дейін созылуы мүмкін. Егер жабдықтар қатты зақымданбаса, күйе мен қақтан тазарту жұмыстарына шамамен алты ай қажет. Ал кейбір бөлшектерді ауыстыру керек болса, қалпына келтіру мерзімі бір жылдан үш жылға дейін созылуы ықтимал, деп жазды Alash.kz.
Мұндай болжамды суперкомпьютерлер саласындағы кемінде төрт маман T-invariant басылымына берген пікірінде айтқан. Бұл туралы «Дождь» телеарнасына басылым бас редакторының орынбасары Евгений Насыров хабарлады.
Оның сөзінше, қалпына келтіру жұмыстарының ұзаққа созылуына екі негізгі себеп бар. Оның бірі – санкциялар, алайда мәселе мұнымен шектелмейді.
«Әлемдік нарықта озық чиптер мен басқа да қажетті компоненттер қат. Оларды сатып алуға кезек өте ұзын. Сондықтан қаражат жеткілікті болған күннің өзінде мәселені шешу оңай емес. Оның үстіне, қажетті жабдықтарды сатып алуға қаражаттың бар-жоғы да белгісіз», – деді сарапшы.