Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Халықтың сеніміне ие болған азаматқа!»: Руслан Өтепбайға Ақсуат жұрты ат мінгізді (ВИДЕО)

20:13, 07 маусым 2026

Абай облысы, Ақсуат жұртшылығы қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, халықтың сеніміне ие болған белгілі журналист Руслан Өтепбайға қазақы дәстүрмен ат мінгізді, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы белгілі кәсіпкер Дулат Тастекей өз парақшасында жариялады.

Халқымыздың сүйікті ұлы, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген белгілі журналист Руслан Өтепбайға Ақсуат жұртшылығы ерекше құрмет көрсетті.

Ұлт руханияты мен қоғам өміріндегі өзекті мәселелерді көтеріп, халықтың сеніміне ие болған азаматқа қазақы дәстүрмен ат мінгізу рәсімі жасалды. Бұл – Ақсуат жұртының ардақты азаматқа деген ықыласы мен ризашылығының белгісі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар