Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Халықтың ашу-ызасын туғызды! Саяси аренадан аулақ жүргені дұрыс”: Депутат Путинмен кездескен Назарбаевты сынға алды (ВИДЕО)

19:09, 02 қаңтар 2026

ҚР Парламент Мәжілісінің Депутаты Ерлан Саиров Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси аренада әлі де жүргенін ауыр сынады, деп жазады Alash.kz.

Желіде тараған бейнежазбада депутат Назарбаевтың Ресей мен Өзбекстан басшыларымен байланысы туралы айтып, оның әрекетін Дінмұхаммед Қонаевпен салыстырды.

Бір күн бұрын Қазақстанның бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Путинмен кездесті. Бүгін Назарбаев Өзбекстанның Президенті Мирзиеёвпен телефонмен сөйлесті деген ақпарат шықты. “Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан мен Өзбекстанның қарым-қатынасы. Стратегиялық серіктестік” деп атаған. Мұндай формулировканы тек қана Мемлекет басшысы айта алады. Назарбаевтың осындай қадамдары оған ешқандай да саяси ұпай әкелмейді. Бүкіл халықтың ашу-ызасын туғызып жатыр. Саясатта ешқандай рөлі жоқ азаматтың осындай қадамдарға баруы азаматтарға түсініксіз және азаматтарды керісінше одан әрі ол кісіден итеріп жатыр. Сондықтан, саясатта дұрыс қартаю да - өнер. Кезінде Қонаев та биліктен кеткен. Бірақ, Қонаев биліктен кеткеннен кейін саясаттан кетіп, тек қана халқымен бірге болды. Егер, халқымен бірге болмаса, саяси аренадан аулақ жүргені өте дұрыс болады. 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар