Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Халыққа жер телімдері жаңа әдіспен берілетін болды

13:13, 10 наурыз 2023 306
 


Сенаторлар заң жобасын қарады. Соған сәйкес, енді жер учаскелеріне құқық электронды форматта беріледі.

Құжаттыталқылау барысында Цифрлық даму вице-министрі Әсет Тұрысов бос жер телімдері туралы ақпараттың болмауы әкімдіктерге азаматтарға жер учаскесіне құқық беруден ресми түрде бас тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
 

Халықтың барлық тобына алып жатқан немесе бос жатқан жер учаскелері, тіркелген жылжымайтын мүлік нысандары, инфрақұрылымдар туралы ақпаратқа тең және толық қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының ақпараттық жүйесі әзірленді. Жаңадан құрылған ақпараттық жүйе жер-құқықтық кадастр ақпаратын біріктіреді. Оған қолжетімділік қоғамдық кадастрлық карта арқылы жүзеге асырылады. Карта жер телімдері, бас жоспарлар, елді мекендерді егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары туралы ақпаратты қамтитын ашық ақпараттық ресурс саналады, - деді вице-министр.

 

Оның айтуынша, ақпараттық жүйені енгізу жер қатынастары саласындағы рәсімдерді жетілдіреді және оңтайландырады. Сондай-ақ оларды цифрландыруды қамтамасыз етеді. Жаңа тәртіп әкімдіктерге бармай-ақ, қоғамдық кадастрлық картаны пайдалана отырып, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш беруді қарастырады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар