Әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева ұлының қашан үйленетінін айтты, деп жазады Alash.kz.
«Оны енді уақытында көрерміз. Сол күнге жетейік. Әзірге Димаш жұмысынан бас ала алмай жүгіріп жүр. Әрине, барлық ата-ана сияқты біз де оның үйленіп, бала болғанын, өз алдына шаңырақ көтергенін тілейміз. Жалғыз біз емес, бүкіл ел тілеп отыр. Халық тілекші.
Ондай күндер, амандық болса, жақындап қалған шығар деп ойлаймыз. Ол да жақсы ой саларлық, әдемі күн болатын шығар деп ойлаймын», – Света Айтбаева El-Women жобасына берген сұхбатында.