Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Халқымыз үшін ерекше қуаныш”: Төреғали Төреәлі қуанышты жаңалығын бөлісті

13:41, 22 наурыз 2026

Әнші Төреғали Төреәлі Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі Қазақстан құрамасы көкпардан әлем чемпионы атанғанын хабарлап, сүйіншіледі.

“Наурыз – рух пен жеңістің мерекесі!

Биылғы Наурыз – халқымыз үшін ерекше қуанышқа толы болды. 

Қазақстан құрамасы көкпардан әлем чемпионы атанып, ұлттық рухты асқақтатты. 

Ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаев Түркістанға арнайы келіп, Наурыз мерекесіне қатысып, елмен бірге қуанды. 

Ал біз үшін бұл күн – тек мереке емес, ұлттың үні, халықтың жүрегі соққан сәт.

Сол сахнада ән шырқап, елдің ықыласын сезіну – үлкен бақыт, зор мәртебе. 

Наурыз – бірлік пен берекенің, жеңіс пен жаңарудың символы.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! 

Көк туымыз әрдайым биікте желбіресін! 

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!”,- деп жазды Төреғали Төреәлі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар