Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Хабарсыз кеткен”: Қостанай облысында 29 жастағы ер адамның мәйіті табылды

13:30, 26 сәуір 2026

Қостанай облысында Боровское ауылының 29 жастағы тұрғынын іздеу жұмыстары аяқталды. Ол үш тәулік бойы хабарсыз кеткендер қатарында болған. 24 сәуір кешінде оның денесі Мормыш көлі акваториясы маңынан табылды,  деп жазады Alash.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Жергілікті Mendiqara yni басылымының хабарлауынша, Марқұмның денесі өмір белгілерінсіз табылғанын «ДОС» іздестіру-құтқару жасағының еріктілері хабарлаған. Олар полиция қызметкерлерімен және жергілікті тұрғындармен бірге туыстары өтініш білдірген сәттен бастап аумақты тексеріп жүрген.

Басылымның мәліметінше, ауыл тұрғынының қазасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қазір құқық қорғау органдары сот-медициналық сараптама тағайындаған.

«Іздеу жұмыстары үш тәулік бойы жүргізілді. Бүгін шамамен сағат 19:30-да оның денесі өмір белгілерінсіз табылды», – делінген хабарламада.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар