Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Хабар-ошарсыз кеткен”: Талдықорғанда жоғалып кеткен 7 жасар бала өлі табылды

09:23, 26 мамыр 2026

Талдықорғанда жоғалып кеткен ерекше күтімді қажет ететін баланың денесі табылды. Бұл туралы Жетісу облыстық Полиция департаменті хабарлады, деп жазады Alash.kz. 

26 мамыр күні таңғы сағат 05:00 шамасында Қаратал өзенінде жүргізілген ауқымды іздестіру жұмыстары барысында бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған баланың денесі табылды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - делінген полиция хабарламасында.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар