Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ғылыми қалашықтар мен ғылыми-технологиялық парктер туралы маңызды түзетулер қабылданды” - Асхат Аймағамбетов

13:47, 07 сәуір 2026

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жұмыс тобында ғылыми қалашықтар мен ғылыми-технологиялық парктер туралы маңызды түзетулер қабылданғанын хабарлады, деп жазады Alash.kz.

“Президент Қ.Тоқаев ғылым қалаларын құру жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Біз сол тапсырманы іске асыру үшін мәселені зерттеп, арнайы заң әзірлеп, нақты заңнамалық негіз дайындадық.

Заңға алғаш рет «ғылыми-инновациялық аумақ» ұғымы енгізіледі. Ол жеке елді мекен - ғылым қаласы (Курчатов сияқты) немесе ғылыми-технологиялық парк форматында болуы мүмкін. Бұл - ғылым, білім және өндіріс бірге жұмыс істейтін, инвестиция тарту мен жаңа технологияларды іске қосуға жағдай жасалатын, нақты қолдау құралдары бар жаңа құқықтық мәртебе.

Мұндай аумақтар үшін жеңілдіктер мен ерекше жағдайлар, ҒЗТКЖ (НИОКР) қаржыландыру тетіктері, инновацияларға мемлекеттік қолдау - бәрі бір пакетте бекітіледі. Сонымен қатар АЭА (арнайы экономикалық аймақ) мәртебесін алу және МЖӘ арқылы жеке капитал тарту мүмкіндігі де қарастырылған.

Бір сөзбен айтқанда, іс жүзінде тұтас экожүйе қалыптасады: зерттеуден бастап - өндіріске енгізу мен коммерцияландыруға дейін.

Заң жобасын әзірлеу кезінде пікірталас та болды, қарсылық та. Бірақ нәтижесінде маңызды қадам жасалды. Аманат фракциясының депутаттарының бастамасымен арнайы заң жобасы әзірленді. Ендігі меже - қабылдауға жеткізу және іске асырылуын бақылау.

Айтпақшы, осы бағытта Берік Уәли бастаған Абай облысының әкімдігі қазірдің өзінде жұмысты бастап кеткені қуантады: Курчатов бойынша Кешенді жоспардың жобасын әкімдік дайындап, оны облыстық ғылым кеңесінде қарады”,- деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар