Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз баласы»: Алматыда танымал әншінің ұлы жоғалып кетті

16:50, 30 наурыз 2026

Алматыда 1989 жылы туған ер адам іздестіріліп жатыр, деп жазады Alash.kz.

Журналист Жазира Бегалының хабарлауынша, Баир Сиқымбаев есімді жігіт танымал әнші болған Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы.

Айта кетейік, Гүлнар Сиқымбаеваның өзі 2024 жылдың күзінде қайтыс болған еді.

Еріктілердің мәліметінше, Баир Сиқымбаев 1989 жылы 29 наурызда туған. Бойы 185 см, арық, көзі мен шашы қара. Ол 24 наурыз күні үйінен белгісіз бағытқа бет алып, одан қайтып оралмаған.

«Бір аптадан бері Баирдан хабар жоқ. Дауысы ерекше, көрікті , талантты , Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы екен. Енді Баир қайда жүр екен? Келіншегі журналистерден көмек сұрады», - деп жазды Жазира Бегалы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар