Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Gorilla алмағаны үшін жағын сындырып, жабылып ұрған”: Отарда соққыға жығылған сарбаз жайлы тың дерек шықты

11:25, 24 ақпан 2026

Отардағы әскери бөлімде соққыға жығылып, жағы сынған сарбаз туралы жаңа дерек шықты, деп жазады Alash.kz.

Елді алаңдатқан жағдайдың мән-жайын анықтау үшін сарбаздың ата-анасымен сұхбаттасқан журналист Руслан Өтепбай желідегі парақшасында тың деректерді жариялады.

“Әскердегі әлемжеттік Gorilla әпермеуден басталыпты. Бұл Отардағы жағы сынған сарбаздың әкесінің мәлімдемесі. 

Ауыр жарақат алған сарбазды басшылық құрам ата-анасына айтпай Алматыдағы #5 аурухана әкеліп, ота жасайды. Артынша әскери бөлімнің госпитальіне апарудың орнынан екі апта бойы жалдамалы пәтерде ұстаған көрінеді. 

Ең сорақысы жаралы сарбаз пәтерде өзіне қол салмақ болған. Абырой болғанда пакеттер жыртылып, сарбаз аман қалды. 

Журналистік зерттеудің толық нұсқасын 19:00-де YouTube арнамнан көріңіздер”,- деп жазды Руслан Өтепбай.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар