Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Google компаниясы Ресей сервистерін баяулатты

12:14, 26 мамыр 2022 247
[ad_1]


Ресейдің бірнеше провайдері Google компаниясынан тұтынушыларға арналған сервистерінің жұмысын жеделдететін серверлеріне қызмет көрсету туралы келісім үзілетіні туралы хабар алды. Бұл әрекет олардың клиенттерінің, мысалы YouTube арнасының жұмысын баяулатады. Бұл жөнінде 26 мамырда РБК хабарлады.


Агенттік материалына қарағанда, сөз - шағын интернет-провайдерлер туралы, ірі провайдер ондай хабар алмаған. Ресейдің аймақтардағы провайдерлерінен өзге Google Украинаның Донецк және Лугансл облыстарындағы операторларды жүктемені жеделдету қызметінен айырған деп жазады "ОрдерКом" telegram-арнасы.


Ресейде Google кейінгі кезде үнемі проблемаға кез болып жатыр. Украинаға басып кірген соң, наурызда корпорация Ресей рыногына арналған өз сервистерін жарнамамен ақша табу мүмкіндігін ажыратқан еді.


Google компаниясының Ресейдегі заңды тұлғасы билік тыйым салған контентті жоймағаны үшін шоты бұғатталғаннан кейін банкрот процедурасын өткеріп жатыр.

Мұнан өзге Google-дың Ресейдегі "еншілес" компаниясының үстінен санкцияға байланысты YouTube арнасындағы аккаунттары бұғатталып қалған Ресейдің бірқатар баспасөзі сотқа шағым түсірген.



[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар