Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Астанада өткен Қазақстан чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

11:58, 19 мамыр 2026

Астанада көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп жазады Alash.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, жекелей көпсайыстың қорытындысы бойынша алтын медальді Ақмарал Ерекешева жеңіп алды.

Айбота Ертайқызы күміс жүлдеге ие болса, Айым Мейіржанова үздік үштікті түйіндеді.

Топтық жаттығуларда Астана құрамасы топ жарды. Шығыс Қазақстан облысының гимнастары күміс медаль еншілесе, Алматы командасы қола жүлдеге қол жеткізді.

Командалық көпсайыста да Астана құрамасы жеңіске жетті. Шымкент спортшылары екінші нәтиже көрсетті. Алматылық гимнастар ел чемпионатын үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, сәуір айында Ақмарал Ерекешева Бакуде (Әзірбайжан) өткен Әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар