Алматыда акушер-гинеколог ана мен баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығында 38 апта 3 күн жүктілік мерзіміндегі, үш рет кесарь тілігі операциясымен босанған, жедел лейкоз, ауыр дәрежедегі анемия (бастапқы гемоглобин 54 г/л, трансфузия 2 доза эритроцитарлық масса -77 г/л), қайталама трмбоцитопения (41 мың жасуша тромбоцит), бастапқы иммундық тапшылық диагнозымен пациентке кесарь тілігі операциясы сәтті жасалды.
Хирургиялық араласу жалпы анестезиямен АРжҚТБ бөлімшесінің меңгерушісі Ерболат Қонысбекұлы Әбдікереевтің жетекшілігімен жасалды. Операция жасаушы хирургтер босандыру блогы бөлімшесінің меңгерушісі Камиль Закеевич Самитов пен акушер-гинеколог дәрігер Раушан Ғалымжанқызы Даутова болды. Жауапты неонатолог балалар реанимациясы бөлімшесінің меңгерушісі Мақсат Жандосұлы Тастеміров болды.
Қан кетудің жоғары қаупін және науқастың ауыр жағдайын ескере отырып, операция кезінде Cell Saver Elite автотрансфузиялық жүйесі қолданылды. Перфузиялық қолдауды анестезиолог-реаниматолог Евгений Анатольевич Воронин қамтамасыз етті.
Медициналық топтың үйлесімді жұмысы мен жоғары кәсібилігінің арқасында операция асқынусыз сәтті өтті. Дені сау сәби дүниеге келді: салмағы 3010 гр, бойы 49 см. Ана мен баланың жағдайы тұрақты, өздерін жақсы сезінеді.
Бұл оқиға дәрігерлердің топтық жұмысының, жанкештілігінің және заманауи медицина мүмкіндіктерінің үлгісі болды.