Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өлдім деген дауыс шықты…”: Газ жарылысынан қаза болған әйелдің жақындары бар шындықты айтты (ВИДЕО)

17:10, 12 қараша 2025 219

Отырар ауданындағы сұмдық жарылыстан ауыр жарақат алған 35 жастағы дәрігер Әсел Әмірханқызы жансақтау бөлімінде жеті күн бойы есін жимай, қайтыс болды, деп жазады Alash.kz.

Қайғылы оқиға 30 қазан күні Шәуілдір ауылындағы көпқабатты тұрғын үйде болған. Сол күні пәтерге газ жаңа қосылып, Әсел ас бөлмесіне кірген сәтте қатты дүмпу естілген. Сол мезетте үйде күйеуі мен екі баласы болмаған.

Марқұмның әпкесі Алтынай Әмірханқызы оқиғаның қалай болғанын көз жасымен еске алды:

“Видеозвонокпен сөйлесіп жатқанмын. Жатын бөлмесінде жатқан. Қазір су ішіп келейін деп телефонын жатын бөлмесіне қойып кетті. Ойбай Қайнар өлдім деген дауыс шықты. Болды содан кейін дыбыс та жоқ. Дауыс та жоқ. Қайта-қайта хабарласамын кетті сомен. Мен телефонда едім. Мен Шымкенттен келдім. Жеттім. Менен кейін 5 сағаттан кейін Шымкенттің ожоговый центрі келді. Оған дейін осы жерде жатты әшейін,” – дейді әпкесі.

Ал марқұмның туысы Мереке Жабатаева газдың дұрыс тексерілмегенін айтады:

“Газ құрған бір күн бұрын. Оларға келген де газды кеше газды қосып беріп кеткен. Ал кешке бұлар үйіне келіп, шай тамағын ішіп болғаннан кейін жарылып отыр. Оларға көрсетілмеген айтылмаған газдың қайтып қосылатынын. Тексерілмеген. Бүткіл домға газды қосып беріп кете салған. Әрине гозавиктердің салғырттығынан. Олар жұмыстан үйіне келе алмады. Келіңіздер үйіңізді көрейік дегенде жұмыстағы адамдар келе алмаған. Келе алмаса да бүткіл домға газды беріп жіберуге болмайды ғой,” – дейді ол.

Әсел педиатр болып жұмыс істеген және жарылыс болған пәтерді мемлекеттік бағдарлама арқылы небәрі екі жыл бұрын алған. Туыстарының айтуынша, оның ішкі ағзалары зақымданбағанымен, денесінің 90 пайызы күйіп кеткен.

Қазір жарылысқа байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Марқұмның артында күйеуі мен екі баласы қалды. Отбасы мен туыстары оқиғаға кінәлілердің әділ жазасын алатынына үміттеніп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар