Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Газаға жасалған соққылар арқылы геноцид жасап отыр” - Ердоған Израильдің басқыншылығын ауыр сынап тастады (ВИДЕО)

14:24, 01 қараша 2025 182

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Германия канцлерінің Израильдің “өзін-өзі қорғау құқығы” туралы мәлімдемесіне сынай қарады, деп хабарлайды Alash.kz.

Ердоған Израиль мен ХАМАС арасындағы бейбітшіліктің орнамауы мен геноцид туралы батыл сөздер сөйледі:

Өкінішке қарай, мен канцлердің сөзіндегі бір нәрсемен келісуге болмайтынын айтқым келеді. Атап айтқанда, осы қақтығыс кезінде 60 мыңнан астам балалар, әйелдер мен қарттар қаза тапты. ХАМАС-тың бомбалары жоқ. ХАМАС-та ядролық қару жоқ. Ал, Израильде бұл қарудың барлығы бар. Израиль осы қаруды пайдаланып, кеше кешкісін Газаға тағы да соққылар жасады. Сіздер, Германия сияқты мұны көрмейсізде ме? Германия сияқты бұл жағдайға көңіл бщлмейсіздер ме? Газаға жасалған осы соққылар арқылы олар тек шабуыл жасап қана қоймай, оларды аштыққа ұшыратып, геноцид жүргізіп жатыр. Және бұл әлі де жалғасып жатыр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар