Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ғасыр адамы» атанған қазақ. Ұлт жанашыры Темірғали Көкетай өмірден озды

09:41, 18 тамыз 2024 568

Белгілі ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлт жанашыры, қоғам қайраткері, ХХ ғасыр ғұламасы атанған Темірғали Әбілдаұлы Көкетай  өмірден озды, деп хабарлайды хабарлайды Alash.KZ порталы Life09 арнасына сілтеп.

Темірғали Көкетай – әлемге әйгілі ғалым. 1999 жылы Ұлыбританияның Кембридж университетінің жанындағы Халықаралық географиялық орталықтың шешімімен «Ғасыр адамы» атағын алған қазақ.

Ғылымның биігіне шыққан әлем физиктері оның ашқан жаңалығын түгел мойындады. Темірғали Көкетайды  ағылшындар, жапондар өз университеттеріне шақыртып, профессорларға дәріс оқытқан.

Ғалым кристалдардағы жарықтың табиғатын зерттеп, студент кезінде-ақ кристалды қолдан өсірген.

Alash.KZ ұлттық порталы  марқұмның жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар