Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайы Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі жеке өміріне қатысты жазбасымен көпшіліктің назарын аударды, деп жазады Alash.kz.
Ол жеке парақшасында «ғашықпын» деген қысқа ғана жазба жариялаған. Алайда бұл сезімінің кімге бағытталғанын нақтыламаған.
Аталған жазба желі қолданушылары арасында қызу талқылауға түсті. Бірі оны жаңа қарым-қатынас бастады деп болжаса, енді біреулері жазбаның астарлы мәні болуы мүмкін екенін айтады.
Желі қолданушылары: "Әрбір адам бақытты болуға лайықты", " Өз адамын тапсын", "Бақытты болыңыз, адал жар жолықсын" деп жазып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Дархан Мұсаев актриса Дариға Бадықовамен ажырасқанын мәлімдеген болатын.