Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

G7 мәлімдемесі. АҚШ Ресейді ақтап алуға тырысып, "агрессор" деп атамауға шақырды

11:14, 21 ақпан 2025 745

АҚШ G7 мәлімдемесінде Ресейді ақтап алуға тырысып, "агрессор" деп атамауға шақырды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

АҚШ G7-нің саммитінде елді елең еткізерлік мәлімдеме жасады. Атап айтқанда Ресейдің Украина топырағына басып кіргеніне үш жыл болғанына арналған мәлімдемесінде Ресейді ақтап алуға тырысып, "агрессор" деп атауға қарсы болды. Бұл туралы Financial Times бес дереккөзге сілтеме жасай отырып жазды.

FT атап өткендей, "ресейлік агрессия" туралы тұжырым өткен жылғы G7 мәлімдемесінде, сондай-ақ өткен жылдардағы мәлімдемелерде бес рет айтылған. Енді АҚШ мұндай сөз тіркестерін қолдануға қарсы. 

Газеттің хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленскийдің "Үлкен жетілік" саммитіне қатысатыны не қатыспайтыныәлі расталған жоқ. Іс-шара 24 ақпанда бейнебайланыс арқылы өтпек. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар