Францияның Канн қаласында өткен атақты кинофестиваль аясында цифрлық контент саласындағы ең беделді халықаралық марапаттардың бірі – «WIBA Awards 2026» сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Аталған байқауда отандық блогер Дастан Мұхамедрахым әлемнің үздік travel-блогері номинациясын иеленіп, жер шарының ең ықпалды инфлюенсерлерінің қатарынан көрінді, деп хабарлайды Alash.kz.
Дастан Мұхамедрахымның желі қолданушылары арасында жоғары сұранысқа ие болуына оның бейнежазбаларындағы өзіндік кинематографиялық стилі негіз болған. Ол өз туындыларында түрлі мемлекеттердің мәдени ерекшеліктерін, заманауи қалалардың ішкі тынысы мен табиғат көріністерін кәсіби деңгейде бейнелеп келеді.
Соңғы бір жылдың ішінде автор әзірлеген контенттер ғаламтор кеңістігінде миллиондаған қаралым жинап, айтарлықтай танымалдылыққа ие болды. Сонымен қатар оның бірқатар туындылары «Instagram» әлеуметтік желісінің жаһандық ұсыныстар бөліміне еніп, халықаралық ресми парақшаларда бірнеше мәрте жарияланған.