Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Fly Arystan билеті бар 12 адамды не үшін ұшаққа отырғызбағанын түсіндірді

15:42, 11 ақпан 2025 71

Fly Arystan ұшағы билеті бар 12 жолаушыны бортқа кіргізбей қойған деген ақпарат тараған еді. Компанияның баспасөз қызметі оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Журналист Михаил Козачков өз телеграм каналында компания жоқ орындарды билет қып сатты деп айып таққан еді. Алайда ұшақ басшылығы бұл жаланы жоққа шығарды. 

Овербукингке қатысты таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін және әуекомпания тәжірибесінде қолданылмайтынын хабарлаймыз. 2025 жылғы 9 ақпанда Алматы – Павлодар бағыты бойынша FS7131 рейсінің жолаушылары жергілікті уақытпен 14:10-да отырғызу гейтіне келді, ал ұшудың жоспарланған уақыты 14:20 болатын. Алайда, әуежайдың ақпараттық тақтасында орын алған жүйелік қателік салдарынан отырғызудың аяқталғаны туралы хабарландыру көрсетілмеді. Осы ретте, рейске уақытылы келу – әр жолаушының жеке жауапкершілігі екенін еске саламыз. Әуекомпания қағидаларына сәйкес, жолаушылар ұшу уақытына кемінде 30 минут қалғанда отырғызу гейтіне келуі тиіс. Бұл кезекте, отырғызу уақыты мен гейті, сондай-ақ рейс статусын FlyArystan сайты мен мобильді қосымшасы арқылы тексеруді ұсынамыз”,- деді баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Fly Arystan ұшағына 12 адам отырғызылмады деген шу көтерілген еді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар