Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Филиппин аумағында орналасқан ең белсенді жанартау қайта оянып, жергілікті тұрғындардың мазасын алып жатыр

12:36, 03 мамыр 2026

Филиппины аумағында орналасқан ең белсенді жанартаулардың бірі — Майон жанартауы қайта оянып, жергілікті тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызды, деп хабарлайды Alash.kz.

Жанартау Лусон аралының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Жергілікті GMA News Online басылымының мәліметінше, сенбі күні мұнда кемінде 32 вулкандық жер сілкінісі тіркелген.

Қазіргі уақытта аспанды қою түтін басып, аралдың кейбір бөліктерінде күл жауған. Табиғи құбылыс салдарынан 52 елді мекен зардап шеккен.

Билік тұрғындарды қауіпсіз аймақтарға эвакуациялап, бірқатар әуе рейстерін уақытша тоқтатты.

Мамандардың айтуынша, соңғы 400 жыл ішінде Майон жанартауы 50-ден астам рет атқылаған. Сондықтан ол аймақтағы ең қауіпті әрі белсенді жанартаулардың бірі саналады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар