Блогердің Айдарбек Сапаровтың үстінен шағым түсіруіне министрдің сүт туралы жалған ақпарат айтуы себеп болған, деп жазады Alash.KZ.
Блогер Кирилл Павловтың сөзінше, Айдарбек Сапаров бір сөзінде "Қазақстан өзін сүт өнімдерімен 100% қамтамасыз етіп отыр" деп айтқан.
Ал мұны блогер фейк ақпарат деп санайды. Ол дәлел үшін ресми статистика мен халықаралық дерекқорлардағы мәліметтерді ұсынды.
Оған сәйкес, өткен жылы еліміз шетелден 400 миллион долларға 183 мың тонна сүт өнімін сатып алған.
Блогердің сөзінше, демек нарықтағы ірімшік пен сүзбенің жартысы шетелден әкелінген.